«Ел тірегі – Елбасы»
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы
Eurasian Resources Group «Ел тірегі – Елбасы» атты республикалық қайырымдылық акциясын қолдап, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай BTS Education компаниясымен бірлесіп білім беру жобасын қолға алды.
ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлер – Павлодар, Ақтөбе, Қостанай мен Қарағанды облыстары және Шымкент қаласында 965 жоғары сынып оқушысы мен 35 жұмыссыз компьютер мен интернеттегі сауаттылық, бағдарлау, әлеуметтік желілердегі маркетинг (SMM) пен электронды коммерцияны тегін меңгермек.

Қатысушылар тізімін облыс әкімдіктері түзген. Оқыту 2021 жылғы маусымның 10-ы мен тамыздың 31-і аралығында бірнеше кезеңде жүреді.
Бұл акцияға қатысу үшін сіз, ұялы телефоныңызға арнайы SMS- хабарландыру аласыз.


Грант бойынша сіз:
1. Edunavigator.kz сайтынан кәсіби бағытты анықтау тестін өте аласыз.
2. 2tors.online, Jumysbar.kz платформаларында тегін курс өте аласыз


Алдымен, әр қатысушыға жеке бағдарлама жасақтау үшін қысқаша сауалнамадан өтуіңізді сұраймыз.
Жазғы уақытты пайдамен өткізіңіз!
Акция 2021 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында өткізіледі, сондықтан оқуды дәл қазір бастаңыз.
Edunavigator.kz
Жоба
Edunavigator Сервисі сізге жоғарғы оқу орнына немесе колледжге түсерде қандай мамандықтың қолайлы екенін анықтауға көмектеседі.

Кімге арналған?
Өз мамандығын қазірден бастап анықтауы қажет 8-11 сынып оқушыларына және мамандығын ауыстыруды көздеген ересектерге арналған.

Нұсқаулық
1. edunavigator.kz сайтына өтіңіз.
2. Тесттен өту батырмасын басып, телефон нөмірін теріңіз.
3. Тіркеу формасында телефон нөміріңізді және СМС арқылы алған кодты теріңіз.
4. Ақпаратты қолдануға келісім беріп, "Тестіден өту" батырмасын басыңыз.

Тесттен өту 10 маусымнан басталады
Сайтқа өту
2tors.online
Жоба
«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Математика» немесе «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша аса мықты мектеп репетиторларынан жеке онлайн-сабақтар алыңыз!

Кімге арналған?
Қазірден бастап жоғарғы оқу орнына немесе колледжге түсуге дайындалып жүрген 8-11 сынып оқушыларына арналған. Jumysbar жобасы бойынша курстан өту үшін жоғарыда көрсетілген пәндерден білімін жетілдіруі қажет ересектер де қатыса алады.

Нұсқаулық
1) Келесі сайтқа өтіңіз: 2tors.online/el-tiregi-elbasy/kz.
2) Сайтта репетиторды таңдап, оның профилінде "Репетиторды таңдау" батырмасын басыңыз.
3) Шыққан формада телефон нөміріңізді және СМС арқылы келген промокодты теріңіз.
4) Репетитор сізбен хабарласып, сабақ уақытын және басқа да қосымша шарттарымен келіседі.

Бұл жоба бойынша оқыту 21 маусымнан 31 тамыз аралығында жалғасады
Сайтқа өту
Jumysbar.kz
Жоба
Компьютерлік және интернет сауаттылығы, әлеуметтік желілердегі маркетинг (SMM), электронды коммерция негіздерін оқыңыз немесе ағылшын тілінің мұғалімі болуды үйреніңіз

Кімге арналған?
Заман талабына сай қабілеттерді меңгергісі келетін 8-11 сынып оқушыларына, жұмыссыз немесе жұмыста қосымша білімін арттырғысы келетін ересектерге арналған.

Нұсқаулық
1. go.jumysbar.kz сайтына өтіңіз.
2. Бір курсты таңдаңыз. Тегін бөлігін қарап, "келесі қадам" батырмасын басыңыз.
3. Тіркеуден өтіп, СМС арқылы алған промокодыңызды теріңіз.
4. Курс сіздің жеке кабинетіңізде пайда болады.

Бұл жоба бойынша оқыту 28 маусымнан 31 тамыз аралығында жалғасады
Сайтқа өту
Бонус иегері болу үшін қысқаша сауалнамадан өтуіңізді сұраймыз.
Сұрақтарыңыз бар ма?
+7 (701) 027 26 78 нөмірі бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз, қуана көмектесеміз.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 19:00
*ERG – Eurasian Recourses Group, Қазақстанда, Бразилияда, Африканың кейбір елдерінде өндіріс активтері бар, табиғи ресрустарды өндіру және өңдеу саласындағы халықаралық әртараптандырылған компания. Әлем бойынша 70 мың қызметкері бар, олардың 60 мыңы Қазақстандағы кәсіпорындарда жұмыс істейді.