Корпоративный блог BTS Education

BTS Education мен «Білім-Инновация» қоры әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды

24 желтоқсан күні BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек пен «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте білім, ІТ және ғылыми-зерттеу жобаларын бірге атқаруда әріптес болу үшін меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында BTS Education «Білім-Инновациямен» бірлесе отырып білім нарығын зерттейді және кәсіби бағдар беру құралын жасақтайды. Сондай-ақ тараптар Жаңа Мамандықтар Атласын, виртуал мектепті, жасанды интеллект негізінде виртуал ментор мен өзге де білімге қатысты ІТ жобаларды бірлесіп атқаруға келісті. Қолға алынған бұл жобалар мен өнімдердің барлығы білім мен тәрбие процесін жақсартуға бағытталады.

Меморандум мақсаты - жолдастық қарым-қатынасты нығайту мен ұзақ мерзімді, тиімді және өзара әріптестікті дамыту. «Білім-Инновация» ХҚҚ — бұл Қазақстан мен Түркияның жолдастығы аясында құрылған халықаралық қоғамдық қор. Осы қордың жетекшілігімен мемлекеттік лицейлер, халықаралық мектептер, колледждер мен жеке меншік лицейлер жұмыс істейді. BTS Education — халықтың даму қабілетін нығайтуға бағытталған қолжетімді білім шешімдерінің орталығы.